18:32, 21 Сәуір 2024 | GMT +5
Бұл – үлкен жетістік: Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны құттықтады
АСТАНА. KAZINFORM – Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елена Рыбакинаны Штутгарт турниріндегі жеңісімен құттықтады

«Елена Рыбакинаны Штутгартта өткен теннис турнирінің жеңімпазы атануымен құттықтаймын. Қазақстанның бірінші ракеткасы биылғы маусымда осымен үшінші турнирде жеңіске жетіп отыр. Бұл — үлкен жетістік. Даңқты теннисшімізге толағай табыс тілеймін!» — деп жазды Мемлекет басшысы Instagram парақшасында.
Айта кетейік, бұған дейін Елена Рыбакинаның алғаш рет Штутгарт турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.