Бұлбұл Күзембаева Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы болды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы қызметіне Бұлбұл Күзембаева тағайындалды.

Бұлбұл Күзембаева Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы болып тағайындалды
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі

Ол бұған дейін Батыс Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарды.

Ақтөбе облысында тағы бір тағайындау болды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және ҚР Оқу-ағарту министрлігінің келісімімен Ақтөбе облысы білім басқармасының басшысы болып Бұлбұл Күзембаева тағайындалды. Ол 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогикалық мамандығын, 2016 жылы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің құқықтану мамандығын тәмамдаған. Еңбек жолын 2000 жылы № 2 Мәртөк орта мектебінің мұғалімі болып бастаған. 2003-2007 жылдары осы мектепте директордың тәрбие жұмысы бойынша орынбасары болып жалғастырған.

— 2007-2010 жылдары Мәртөк аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы, 2010-2011 жылдары Ақтөбе облысы балалардың құқықтарын қорғау департаментінің мониторинг және ақпараттық-талдау қызметі бөлімінің бастығы, 2011-2018 жылдары Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары, Ойыл ауданының әкімі қызметтерін атқарған. 2018-2022 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметінде болды. 2022 жылдың маусым айынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Батыс Қазақстан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы қызметін атқарып келді, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Еске салсақ, Ақтөбеде денсаулық сақтау басқармасының басшысы да тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар