Бундестаг делегациясы «Халықаралық парламенттік стипендия» бағдарламасына қатысатын үміткерлерді іріктейді

АСТАНА.  Желтоқсанның  4-і.  ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Германия Бундестагының   (Парламент)  делегациясы   «Халықаралық    парламенттік  стипендия»   бағдарламасына  қатысатын үміткерлерді  іріктейді.
None
None

Бұл туралы     Германия Федеративтік Республикасының  Қазақстандағы  Елшілігінің баспасөз қызметі  хабарлап  отыр.

 «Желтоқсанның  7-сі мен 10-ы   аралығында   Қазақстанға   Германия  Бундестагының   делегациясы  келеді.  Олар   Халықаралық    парламенттік  стипендия»    бағдарламасына қатысуға     үміткерлермен    әңгімелеседі.     Делегацияны Бундестаг депутаты  Йенс Акерманн  бастап  келеді», делінген     Елшіліктің баспасөз баянында.

 Аталмыш бағдарлама  аясында 28 мемлекеттен 120 стипендиат  2010   жылы   наурыздың 1-і мен шілденің 31-і аралығында Бундестаг  көтеретін  стипендия ала  отырып,     Германияның   парламенттік   жүйесімен   танысады.  Бағдарламаның мақсаты -  стипендиаттарға    Германиядағы  саяси үдерістермен,     шешімдердің  демократиялық   жолмен  қабылдану  барысымен  танысуға,   Бундестагтағы   барлық  үдерістерді өз  көздерімен  көруге мүмкіндік беру.  Стипендиаттар    депутат  кеңсесінде  жұмыс істейтін  болады. Олар  сондай-ақ, Берлин университетінде  дәрістер  және  семинарлар тыңдайды.

Соңғы жаңалықтар