Бурабайда Кен барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің 13-інші сессиясы өтіп жатыр

КӨКШЕТАУ. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ - Бүгін Ақмола облысының көрікті аймағы Бурабайдағы «Оқжетпес» шипажайының конференц- залында  ТМД елдері арасындағы ғылыми-техникалық байланыс аясында Табиғатта кен барлау, пайдалану және қорғау үкіметаралық кеңесінің 13-ші сессиясы өз жұмысын бастады.
None
None

Үш күндік мәжілісте 12-ші сессияның шешімдерінің орындалуы мен алда атқарылар ауқымды мәселелер қарастырылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осыдан он жыл бұрын Мәскеуде геологиялық қызмет бойынша жасалған келісім шартқа орай 9 мемлекет маңызды құжатқа қол қойған болатын. Оның атқарушы органы ретінде үкіметаралық кеңес белгіленген. Салиқалы басқосудың күн тәртібіне үкіметаралық кеңестің 12-ші сессиясынан кейінгі уақыттағы жұмыс қорытындысын сараптау белгіленген. Сонымен бірге онда үкіметаралық хаттаманың орындалуы, алдағы бес жылға арналған ұзақ мерзімді жоспар жобасы, «Геология саласында стандарттау, метрология және сертификаттау» үкіметаралық бағдарлама жобасы, шекаралық карта жасауда геологиялық барлау, сәйкестендіру туралы, біріккен жобалардың жүзеге асырылуы, «Кавказ-Қырым-Карпат облыстарындағы геологиялық құрылым» жобасының жұмыс қорытындысы сынды өзекті мәселелер көпшілік талқысына ұсынылып, қарастырылмақ. Сессия жұмысына ТМД елдерінен 50-ге тарта геология қызметінің басшылары, сараптамашылар, атқару комитеттерінің өкілдері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар