Бурабайда қылмыстық заңнаманы жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды

АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Бурабайда «Қылмыстық және Қылмыстық-атқару кодекстерінің жаңа редакциялары мен жаңа Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жобасы: адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарды Қазақстан Республикасының заңнамасы мен практикасына имплементтеу» конференциясы өтті. Бұл туралы Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бурабайда қылмыстық заңнаманы жаңғыртудың өзекті мәселелері талқыланды

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті мен Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығымен бірлесіп Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының қолдауымен ұйымдастырған іс-шараға мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектордың өкілдері, сондай-ақ белгілі ғалым-құқықтанушылар қатысты.

Конференция барысында қазіргі уақытта өткізіліп жатқан қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару заңнамасын жаңғырту мәнмәтінінде күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде ой-пікірлермен алмасу жүзеге асырылды.

Қатысушылар Парламенттің құрылған жұмыс топтары шеңберінде кодекстердің жобаларымен жұмыс істеу барысы туралы хабардар болды.