Бурабайда «Жібек жолы бойындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасының VIII отырысы өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27-28 тамыз аралығында Ақмола облысы «Бурабай» курорты аймағында орналасқан «Rixos Borovoe 5» отелінде «Жібек жолы бойындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасының VIII отырысы өтеді.

Бурабайда «Жібек жолы бойындағы сұхбат» халықаралық мәдени жобасының VIII отырысы өтеді

Отырыстың тақырыбы - «Ұлы жібек жолы бойындағы интеграциялық үдерістер: өткені, бүгіні, келешегі». Модератор - қоғам қайраткері, мәдениеттанушы - Мұрат Әуезов.

Атап айтқанда, 27 тамыз күні сағат 11.00-де БАҚ өкілдері үшін жоба қатысушыларының баспасөз конференциясы ұйымдастырылып, ал сағ.14.00-де Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжановтың қатысуымен алқалы жиын ашылады.

Жоба ұйымдастырушылары: Қазақстан халқы Ассамблеясы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ЮНЕСКО кафедрасы, ҚХА Әлеуметтік концорциумы және Мұхтар Әуезов атындағы қоғамдық қорлары.

Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, елшіліктер мен дипломатиялық миссиялар өкілдері, халықаралық сарапшылар, ғалымдар, мәдениеттанушылар, ҚХА мүшелері, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан және Түркіменстан елдерінің БАҚ-тары қатысады.