БҰҰ Бас хатшысы Конго мен Руанда арасындағы бейбітшілік туралы келісімді құптады
АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Конго Демократиялық Республикасы (КДР) мен Руанда арасындағы бейбітшілік пен өркендеу туралы келісімге ресми түрде қол қойылуын құптады. Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Стефан Дюжаррик мәлімдемесінде айтылған, деп хабарлайды Синьхуа ақпарат агенттігі.
Жаһандық ұйым басшысы бұл келісім КДР мен Руанда арасындағы сенімді қалпына келтіру және КДР шығысында тұрақты бейбітшілікке қол жеткізу жөніндегі күш-жігерді ілгерілету жолындағы маңызды қадам екенін атап өтті, делінген С. Дюжаррик мәлімдемесінде.
Оның айтуынша, Бас хатшы сондай-ақ Дохадағы келіссөз аясында Африка Одағының басшылығымен де қол жеткізілген айтарлықтай ілгерілеушілікті құптап, барлық тараптарды өз міндеттемелерін орындауға шақырды.
Бұған дейін Конго мен Руанда АҚШ-та бейбітшілік туралы келісіміне қол қойғанын хабарлаған болатынбыз.