БҰҰ Бас хатшысы ресми сапармен Өзбекстанға барды

ТАШКЕНТ. KAZINFORM – БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Өзбекстанға ресми сарапмен келді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.

Бас хатшысы
Фото: Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Нью-Йорктен Ташкентке Uzbekistan Airways авиакомпаниясының тұрақты рейсімен келген мәртебелі мейманды әуежайдан Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов күтіп алды.

Ту
Фото: Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

БҰҰ Бас хатшысының Өзбекстанға ресми сапары 1 шілдеге дейін жалғасады. Оның барысында Антониу Гутерриш пен Шавкат Мирзиёев Өзбекстанның БҰҰ және оның институттарымен көпжоспарлы ынтымақтастығын нығайту мәселелерін талқылайды.

Бас хатшы
Фото: Өзбекстан премьер-министрінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, сапар аясында БҰҰ Бас хатшысы бірқатар индустриялық және әлеуметтік нысандарды аралап, екіжақты кездесулер өткізбек.

Еске салсақ, Антониу Гутерриш 3-4 шілде күндері Алматы мен Астанада болып, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен және өзге де жоғары лауазымды тұлғалармен кездесу өткізеді. Бас хатшы 4 шілдеде Астанада өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысып, «ШЫҰ+» сессиясында сөз сөйлейді.

Соңғы жаңалықтар