БҰҰ Газаны бұқаралық ақпарат құралдары үшін ең қауіпті аймақ деп атады
АСТАНА. KAZINFORM – Әлемде журналистер өлімінің 90 пайызы ашылмаған күйі қалып отыр. Ал Газа журналистер үшін тарихтағы әскери қақтығыстар арасында ең қауіптісі болып отыр.
Бұл туралы тілшілерге БҰҰ Бас хатшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррик апталық брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды БЕЛТА.
2 қарашада Журналистерге қарсы қылмыстар үшін жазасыздықты тоқтатудың халықаралық күні аталып өтуіне байланысты Дюжаррик әлем бойынша БАҚ өкілдері бетпе-бет келіп жататын жерлер, әсіресе Газадағы қауіптер туралы ескертті.
- Журналистер өлімімен байланысты 10 қылмыстың 9-ы ашылмай қалып жатады. Газа барлық қақтығыс аймақтарының ішінде журналистер үшін ең қауіптісі болып қалып отыр, - деді ол.
Дюжаррик БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің жазаланбау баспасөз бостандығы мен демократияның өзіне келтірілген залал екенін айтып, журналистердің өліміне қатысты тергеуді тәуелсіз әрі әділ жүргізуге шақырғанын жеткізді.
-Тілшілер үнсіз қалған жерде бәріміздің даусымыз шықпайды,-деді ол.
Израильге Газаға жасаған екі жылдық шабуылдары барысында 250 журналист өлтірілді деген айып тағылып отыр. Олардың көпшілігіне өздерінің кәсіби міндеттерін атқару барысында әдейі қастандық жасалған.
Айта кетейік, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстанбұлда 31 қазан күні өткен TRT World халықаралық форумында сөйлеген сөзінде бұқаралық ақпарат құралының 270 қызметкері өмірін қауіпге тіге отырып, әлемге онда не болып жатқанын оқиға орнынан көрсетуге тырысқанын айтты.
- Алайда олар өтірікке негізделген Израиль саясатының кесірінен өлтірілді, - деді.