БҰҰ құрғақшылық салдары ауқымды болатынын ескертеді

  АСТАНА.KAZINFORM — Климаттың өзгеруіне және жер мен су ресурстарына жүктеменің артуына байланысты 2023 жылдан бері бүкіл әлемде құрғақшылық жайлады. Бұл туралы БҰҰ дайындаған жаңа баяндамада айтылған, деп хабарлайды Kazinform

БҰҰ құрғақшылық салдары ауқымды болатынын ескертеді
Фото: © ЮНИСЕФ/Р.Конгмуанг

«Әлемдегі құрғақшылық ошақтары, 2023-2025» баяндамасы құрғақшылықтың кедейлік, аштық, энергетикалық тұрақсыздық және экожүйе деградациясын қалай күшейтетінін жан-жақты талдау.

— Құрғақшылық — тілсіз жау. Ол жасырын түрде ресурсты сарқып, тіршілікті баяу қарқынмен бұзады. Оның салдары ұзаққа созылады, — деп атап өтті БҰҰ шөлейттенуге қарсы конвенциясы Хатшылығының басшысы Ибрагим Тиау.

Африка

Шығыс және Оңтүстік Африкада 90 миллионнан астам адам азық-түлік тапшылығына тап болды. Кей аудандарда тарихта болмаған құрғақшылық белең алды. Эфиопия, Зимбабве, Замбия және Малавиде жүгері мен бидай дақылдары күйіп кетеді. Тек Зимбабведе 2024 жылы жүгері өнімі өткен жылмен салыстырғанда 70 пайызға қысқарды, ал 9 мың бас мал шөл мен аштықтан қырылып қалды.

Сомалиде 2022 жылғы құрғақшылық салдарынан туындаған аштықтан 43 мың адам қаза тапты. 2025 жылдың басында 4,4 миллион адам — халықтың төрттен бірі-азық-түлікке қол жеткізуде қиындықтарға тап болды. Замбияда әлемдегі ең өткір энергетикалық дағдарыстардың бірі 2024 жылдың сәуіріне қарай басталды. Онда Замбези өзеніндегі су деңгейі орташа көрсеткіштің 20 пайызына дейін төмендеді.

Жерорта теңізі

Испанияда құрғақшылық ауыл шаруашылығына, туризмге және сумен қамтамасыз етуге әсер етті. 2023 жылдың қыркүйегіне қарай екі жылдық құрғақшылық пен рекордтық жылу зәйтүн дақылдарының 50 пайызға төмендеуіне әкеліп соқтырды, бұл зәйтүн майы бағасының екі есе өсуіне әкелді.

Сонымен қатар, Мароккода 2025 жылға қарай қойлар саны 2016 жылмен салыстырғанда 38 пайызға қысқарды, бұл елдің королі дәстүрлі құрбандықтарды жоюға шақырды.

Түркияда құрғақшылық жерасты суларының сарқылуын тездетіп, халық пен инфрақұрылымға қауіп төндіретін шұңқырлардың пайда болуына себеп болды.

Соңғы жаңалықтар