БҰҰ-мен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады - М.Көпеев
деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның БҰҰ аймақтық орталығымен өзара қарым-қатынас, оның ішінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына 2010 жылы төрағалық етуі қарсаңындағы мәселелерді талқылады.
М.Көпеевтің айтуынша, БҰҰ-мен ынтымақтастық және Ұйымның аймақта болуын одан әрі кеңейту Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады.
Аймақ алдында тұрған көкейкесті мәселелерді шешу үшін Орталықпен және көрші мемлекеттермен тығыз өзара қарым-қатынас үшін пікірін білдірген вице-спикер Орталық Азия елдерімен және ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨІСШК, ТМД сияқты ұйымдармен ынтымақтастықта жанжалдардың алдын алуда, тұрақтылық пен қауіпсіздікті нығайтуда Орталықтың маңызды үлес қоса алатынын айтты.
М.Енча өз кезегінде Қазақстанның аймақтағы жетекші рөлін жоғары бағалап, Орталық Азия үшін превентивті дипломатия бойынша БҰҰ құрылымын құруда біздің мемлекеттің үлесін атап көрсетті.