БҰҰ миссиясына қатысу Қазақстанның сыртқы саясатындағы бейбітшілікті нығайту бағытындағы ұстанымының қисынды жалғасы - М. Әшімбаев

Сөз арасында депутат М. Әшімбаев Елбасының БҰҰ миссиясы бойынша бірқатар елдерге қазақстандық офицерлерді бақылаушылар ретінде жіберу туралы Үндеуін қолдайтын атап өтті. «Бұл шешімнің маңыздылығы бірқатар факторлармен негізделеді. Біріншіден, бұл қадам - Қазақстанның сыртқы саясатындағы бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту бағытындағы ұстанымының қисынды жалғасы. Біздің еліміз Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен жаһандық һәм өңірлік деңгейде жауапты саясат жүргізіп келеді, бұларға ядролық қарудан бас тартуды, АӨІСШК құрылымын, Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезін, ЕҚЫҰ Саммитін және басқа да біздің бастамаларымызды жатқызуға болады. Бұндай Елбасы Н. Назарбаевтың бастамаларының барлығы әлемдік қоғамдастықтан кең қолдау тапты. Қазақстан өзінің шешімімен, белсенді іс-әрекеттерімен жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке ауқымды үлес қосып келеді», - деп атап өтті комитет басшысы.
Сонымен қатар, депутат Қазақстанның қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен заманауи әлемде дамудың жаңа үлгісін қалыптасқанын атап өтті. Оның пайымынша, бұндай қазақстандық жаңа үлгі «қарулану есебінен де емес, басқа мемлекетке қатер төндіру арқылы да емес, керісінше басқа елдермен сындарлы, ашық, теңқұқылы диалог есебінен қалыптасып отыр».