БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесі жанындағы ҚР Тұрақты өкілі Ұйымның Бас хатшысының орынбасарымен кездесті

АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – Сейсенбі күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевадағы бөлімшесінің және басқа да халықаралық ұйымдардың жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Аманжол Жанқұлиев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ бөлімшесінің бас директоры Сергей Орджоникидземен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Әңгіме барысында тараптар БҰҰ мен халықаралық ұйымдар қызметіне қатысты кең ауқымды мәселелер төңірегінде пікір алмасты. Атап айтқанда Қазақстанның БҰҰ-ның мамандандырылған органдары жұмысына қатысуы, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің еуропалық және азиялық аймақтық ұйымдармен ынтымақтастығы тетіктері талқыланды. А.Жанқұлиев Қазақстанның БҰҰ жүйесі халықаралық ұйымдарымен саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастығы туралы айтты. Ол әсіресе Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың елде және әлемде ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жөніндегі бастамаларына назар аударды, 2003 және 2006 жылдары қазақстандық елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съездерінің ойдағыдай өткізілгенін әңгімеледі. Сонымен қатар 2009 жылы Астанада 3-ші съезд өткізу мәселесінде Қазақстанға БҰҰ қолдау көрсететініне сенім білдірді. Өз кезегінде С.Орджоникидзе көптеген мемлекеттердің көрнекті діни және саяси қызметкерлерінің бұл форумға қолдау көрсетуі біздің елімізде ұлысаралық және конфессияаралық келісімнің өз моделі құрылғанын және оны халықаралық деңгейде ілгері жылжытуға лайық екенін атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар