21:15, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
БҰҰ VI Астана экономикалық форумын тамаша өткізгені үшін ҚР Президентіне және қазақстандықтарға алғысын білдірді
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - БҰҰ VI Астана экономикалық форумын тамаша өткізгені үшін ҚР Президентіне және қазақстандықтарға алғысын білдірді.

«БҰҰ атынан және АЭФ ауқымындағы талқылауға қатысқан әріптестерімнің атынан Жоғары Мәртебелі ҚР Президентіне және сондай-ақ осы елдің азаматтарына шынайы алғысымды білдіргім келеді», - деді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент басшысы У Хунбо Тәуелсіздік сарайындағы қорытынды баспасөз мәслихатында.
«Сіздер тамаша жұмыс атқардыңыздар. Менің ойымша, барлығымыз дүниежүзілік дағдарыстың теріс салдарынан қазіргі әлемнің әлі де зардап шегіп жатқаны жөнінде ортақ пікірге келдік. Біз осы тығырықтан шығар жолдарды талқыға салдық», - деп атап өтті У Хунбо.