Былтыр кәсіпорындардағы қызметкерлердің 5,7%-ы 70 мың теңгеден төмен жалақы алған

АСТАНА. ҚазАқпарат – Былтыр түрлі кәсіпорындарда жұмыс істейтін қазақстандықтардың 37,6%-ы 150 мың мен 300 мың теңге арасныда айлық алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Әсет Ерғалиев Мәжіліс депутаттарының сауалына жолдаған жауабында осындай дерек келтірген.

«Есепті деректерге сәйкес зерттелген кәсіпорындар қызметкерлерінің 5,7%-ы 70 мың теңгеге дейін жалақы алды, 70 мыңнан 150 мың теңгеге дейін – 28%, 150 мыңнан 300 мыңға дейін – 37,6%, 300 мыңнан 420 мыңға дейін – 14,4%, 420 мыңнан астам – 14,2%. Егер сіз осы диаграмманы қызметкерлер саны бойынша екі тең жартыға бөлсеңіз, онда сарапшылар жалақының қосымша орташа мөлшері ретінде пайдаланатын медиана анықталады», - деп жазады агенттік басшысы.

Сондай-ақ, ол елдегі медианалық айлықтың мөлшерін де атады

«2022 жылы бюро тоқсандық негізде медиананы бағалауды жариялай бастады. 2023 жылдың 1 тоқсанында бағалау бойынша медиана 225 736 теңгені құрады», - деп жазылған жауапта.


Соңғы жаңалықтар