Былтыр Қазақстанда бала саудасына қатысты 22 адам сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2014 жылы бала саудасына байланысты 22 адам сотталды. Бұл туралы туралы ҚазАқпарат тілшісіне ҚР Бас прокуратурасының департамент басшысы Қанат Сейдғапбаров айтты.
None
None

«2014 жылы ҚР Қылмыстық кодексінің 133 бабы бойынша (кәмелетке толмағандарды саудалау) 15 қылмыс тіркелді. Республика соттарымен өткен жылы аталған бап бойынша 22 адам сотталды»,-деді ол.

Бас прокуратураның мәліметінше, былтыр кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласында 54 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларымен 171 мыңнан астам кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтары қорғалып, 53 қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар