Чабахар порты Үндістаннан Орталық Азияға жол ашады

АСТАНА. KAZINFORM –Үндістан мен Иран Чабахар портын бірлесіп дамыту туралы 10 жылдық келісімге қол қойды. Үндістан Орталық Азия елдерімен сауда қатынастарын дамытуға ниетті, деп жазады The Times of India.  

Чабахар
Фото: golosameriki.com

Келісім Үндістанға Иранның Пәкістанмен оңтүстік-шығыс шекарасына жақын орналасқан Чабахар портын 10 жыл пайдалануға рұқсат береді. Чабахар портының орналасқан жері стратегиялық тұрғыда Үндістанның Орталық Азияға тікелей шығуын қамтамасыз етеді.

Үндістан Орталық Азия аймағы елдерімен сауда қарым-қатынастарын дамыту жолында маңызды қадам жасады. Сарапшылардың пікірінше, бұл пакт Үндістанның геосаяси саласын кеңейту ниетін көрсетеді.

Келісімге сәйкес, India Ports Global Limited порт инфрақұрылымын дамытуға 370 миллион доллар инвестициялауға міндеттелді.

Соңғы жаңалықтар