Чех Парламентінің сенаторлары ҚР Президентінің ядролық қарусыздану туралы бастамаларына қолдау білдірді - ҚР СІМ
АСТАНА. 17 тамыз. ҚазАқпарат - 16 тамызда Прагада Қазақстан Республикасының елшісі Анарбек Қарашев Чех Республикасы Парламентінің сенаторлары Ярослав Дубравамен және Мирослав Крейчпен кездесті, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Қазақстандық дипломат сұхбаттасушыларына Астанада 2012 жылғы 29 тамызда өтетін «Ядролық сынақтардан ядролық қарулардан азат әлемге» атты халықаралық конференция туралы айтып берді, оған чех тарапының заң шығарушылары да қатысатындықтарын қуаттады. Сонымен қатар сенаторлар ҚР Президенті Н.Назарбаевтың ядролық қарусыздану жөніндегі бастамаларына қолдау білдірді.
ҚР елшісі бұл форум Семей ядролық полигоны жабылуының 21 жылдығы кезінде өтетін ядросыз әлем үшін Астана декларациясын жүзеге асыру шараларының бір бөлігі екендігін атап өтті.
Чех Республикасынан форумға 10 делегат шақырылып отыр, олардың арасында Парламенттің 8 депутаты, «Соғыссыз әлем» бағдарламасының үйлестірушісі және белгілі ғалым Франтишек Яноух бар.
Кездесу барысында сұхбаттасушылар қазақстан-чех ынтымақтастығының өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.