16:55, 09 Ақпан 2009 | GMT +5
Чех Премьері Қазақстанға ресми сапар жасайды
АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ақпанның 12-13-і аралығында Чех Республикасының Премьер-Министрі Мирек Тополанектің Қазақстанға ресми сапары жоспарлануда.

Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен апталық брифингте ведомствоның ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, сапар барысында М. Тополанек мемлекеттік органдардың басшыларымен кездесіп, Орталық Азия мен ЕО диалогы аясындағы Чехияның Еуропалық одаққа төрағалық етуі, екіжақты қатынастардағы басым бағыттар туралы мәселелерді қарастырмақ.