Чехия 2030 жылға дейін ЖІӨ-нің 3%-ын қорғанысқа бөлуді жоспарлап отыр

АСТАНА. KAZINFORM — Чехия НАТО-ның маусым айындағы келісімдері аясында қорғанысқа бөлінген ЖІӨ-нің 1,5 пайызы көлеміндегі қаражаттың көп бөлігін игеріп үлгерді, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Чехия армиясы
Фото: Азертадж

Бұл туралы Прагада өткен елшілер кездесуінде сыртқы істер министрі Ян Липавский мәлімдеді. Оның айтуынша, өткен жылы қорғаныс шығындары ЖІӨ-нің шамамен 1,28 пайызын құрады, ал алдағы уақытта бұл көрсеткіш жыл сайын шамамен 0,2 пайызға өседі.

Гаагадағы саммитте НАТО одақтастары 2035 жылға дейін қорғаныс шығындарын ЖІӨ-нің 3,5 пайызына дейін жеткізуге және әскери емес жобаларға қосымша 1,5 пайыз бөлуге міндеттелді.

Чехия алғаш рет өткен жылы ЖІӨ-нің 2 пайызы деңгейіне жетті, ал 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті 3 пайызға дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Ян Липавский қосымша инвестициялар тек армияға ғана емес, сонымен қатар экономикаға да пайда әкелетінін атап өтті: қаражат инфрақұрылымға, киберқауіпсіздікке, зерттеулер мен инновацияларға бағытталады.

Оның сөзінше, Еуропаның біртіндеп қарулануы чех өнеркәсібі мен экспорттық компаниялары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

Осыдан бұрын Чехияда азаматтардың атыс қаруына деген қызығушылығы күрт өскені хабарланды.

Соңғы жаңалықтар