Чехия Еуроодақта 150 км/сағ жылдамдық шектеуін енгізген алғашқы ел болуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Чехия эксперимент ретінде автомобиль жолының бір бөлігінде жылдамдықты асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Bild

Чехия Еуроодақта 150 км/сағ жылдамдық шектеуін енгізген алғашқы ел болуы мүмкін
Фото: Bild

Жергілікті биліктің хабарлауынша, жүргізушілер Табор мен Ческе-Будеивице қалалары арасындағы 50 шақырымдық жол бөлігінде 150 км/сағ жылдамдықпен жүре алады.

Жаңа жылдамдықты шектеу қыркүйек айының соңында сынақ ретінде енгізіледі деп жоспарланып отыр. «150 км/сағ» шегі бар электронды белгілер ауа райының қолайлы жағдайында және жолдар бос кезде ғана қосылады. Жаңбыр, қар немесе басқа да қолайсыз ауа райы жағдайында жүйе жылдамдықты 20 км/сағ-қа дейін автоматты түрде азайтады.

Қазіргі уақытта Чехия жолдарындағы жалпы жылдамдық шегі — 130 км/сағ. Айта кетейік, мұндай эксперименттер Еуропада бұрын да жүргізілген: Аустрияда 2018 жылдан 2020 жылға дейін Вена мен Зальцбург арасында жылдамдықты 140 км/сағ-қа дейін шектеу сынақтан өткізілді, бірақ көмірқышқыл газының шығарылуының жоғарылауына байланысты жобаны сол кездегі Климат істері министрі Леонора Гвесслер тоқтатты.

Еске сала кетейік, Даниядан Германияға дейін жоғары жылдамдықты туннель салынып жатыр

Соңғы жаңалықтар