Чехия Үкіметінің басшысы Қазақстанға, Түрікменстанға және Әзірбайжанға ресми сапарын бастайды

БРЮССЕЛЬ. Ақпанның 11-і. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Сәрсенбі күні Чехия Премьер-Министрі Мирек Тополанектің Қазақстанға, Түрікменстанға және Әзірбайжанға ресми сапары басталады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Еуроодақтың чех президенттігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Сапар бағдарламасына сәйкес бейсенбі күні М.Тополанек Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен және Үкімет басшысы Кәрім Мәсімовпен кездеседі.Жұма күні Ашғабадта президент Құрбанқұлы Бердімұхаммедовпен, энергетика және сыртқы істер министрлерімен келіссөздер жүргізеді. Сол күні чех делегациясы Бакуде республика Президенті Илһам Әлиевпен және Премьер-Министр Артур Расизадемен жүздеспек. Чех Премьері сапарының басты мақсаты өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуді көздейді.Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі таңда Чехия Еуропалық Одақ Кеңесіне төрағалық етуде.
Соңғы жаңалықтар