Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

«Чехиядағы ТМД елдерінің кино күндері» халықаралық кинофестивалінде қазақ фильмдері көпшілікке ұсынылды

АСТАНА. 19 маусым. ҚазАқпарат - 2012 ж. 19 маусымда Прагада «Чехиядағы ТМД елдерінің кино күндері» халықаралық кинофестивалі шеңберінде Қазақстанның Чехиядағы Елшілігінің қолдауымен продюсер, кинорежиссер Сергей Әзімовтің

«Чехиядағы ТМД елдерінің кино күндері» халықаралық кинофестивалінде қазақ фильмдері көпшілікке ұсынылды

және Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Наталья Арынбасарованың қатысуымен «Анаға арналған жұмақ» пен «Жиде. Кеш келген махаббат» атты қазақ фильмдері көпшілікке ұсынылды.

Бұл туралы ҚР-ның Чехиядағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған кинофорумда отандық киноклассикадан басқа, Ресей, Әзірбайджан және Белорус елдері кинематографтарының, танымал режиссерлері мен продюсерлерінің шығармашылығы, сондай-ақ қысқа анимациялық фильмдері көрсетілді.

«Анаға арналған жұмақ» (режиссері Ахтан Арым Құбат) туындысы Орынборда өткен «Шығыс-Батыс» халықаралық кинобайқауының Гран-при жүлдесіне және Висбаденде өткен (Германия) XII халықаралық киновестивалінің «Көркемділік ерекшелігі үшін» аталымы бойынша басты жүлденің бірі - үшінші сыйлыққа ие болды.

Қазақстандық режиссері Сәбит Құрманбековтың «Кеш келген махаббат» атты картинасы Латвия, Литва, Эстония елдерінің 20-шы «Киношок» ашық кино фестивалінің екі наградасын жеңіп алды.

Сонымен қатар, мәдени іс-шара барысында ҚР Елшілігі форум қатысушыларына ұлттық тағамдардан шағын банкет-фуршет ұйымдастырды.

Аталған кинофорум Қазақстанның қазіргі заманғы кинематографиялық өнерін чех кино әуесқойлары мен кәсіпқойларына таныту мүмкіндігіне ие болды.