12:13, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Чехиялық кәсіпкерлер Орал қаласында болды
ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Чехияның Острава қаласынан келген делегация Орал қаласында болып, жергілікті атқарушы және өкілетті билік өкілдерімен, кәсіпкерлермен кездесті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Либрос» сауда компаниясының бас директоры Либор Вацлавик шаруашылық тауарлары, қара металлургия, құрылыс материалдары, шойын, сондай-ақ бояу, ағаш бұйымдарының көтерме саудасы төңірегінде бірлесіп жұмыс жасауға ұсыныс білдірді. Компания зауыт, фабрикаларға түрлі технологиялық жабдықтарды қондыруға көмектесуге де дайын.
Бұл ? остравалықтар мен оралдықтардың кезекті кездесуі. Мұндай байланыс алдағы уақытта да жандана түспек.