Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Чехияның индустрия және сауда министрлігі Қазақстанды ынтымақтастық үшін ең перспективалы 12 мемлекеттің қатарына қосты

АҚТАУ. 23 қаңтар. ҚазАқпарат - Чехия Республикасының индустрия және сауда министрлігі Қазақстанды ынтымақтастық үшін ең перспективалы 12 мемлекеттің қатарына қосып, әріптестікті орнатуды жоспарлауда.

Чехияның индустрия және сауда министрлігі Қазақстанды ынтымақтастық үшін ең перспективалы 12 мемлекеттің қатарына қосты

Бұл туралы форумда ҚР-дағы Чехия Республикасының Төтенше және өкілетті елшісі Бедржих Копецки мәлім етті.

«Қазақстанды перспективалы мемлекеттердің бірі ретінде санаймын. Алдағы EXPO 2017 көрмесі «жасыл» энергияны қолдануда басты қадам болып табылады», - деді ол.

Чехия Республикасы баламалы энергия көздерін қолданудан өзге атом электр стансаларын салатын болады. Сондай-ақ чехиялық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуды, медицина қызметтеріне таза технологияларды тартуды және Маңғыстау облысында оңалту орталығын салуды жоспарлауда.