Чемпиондар лигасы: Бірінші кезеңнен кейін «Қайрат» пен «Картахена» тең ойнап жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Чемпиондар лигасы төрттігі финалында Алматылық «Қайрат» пен Испанияның «Картахена» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.

«Қайрат» пен «Картахена» тең ойнап жатыр
Фото: UEFA.com

Командалар алғашқы минуттан белсенділік көрсетті, Екеуі де гол соғатын мүмкіндікті іздеді. Нәтижесінде 16-минутта алматылық клубтан Алиссон мергендік танытты.

Ойынның 39-минутында испаниялық клуб таразы басын теңестірді.

Осылайша бірінші кезеңнен кейін командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.
Сондай-ақ бүгін тағы бір жартылай финалда «Пальма» (Испания) мен «Спортинг» (Португалия) ойнайды.

Алматылық команда бұған дейін бұл турнирде 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл жөнінен Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.
Олар 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.

Еске салсақ, бұдан бұрын олар Хорватия астанасы Загреб қаласында Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде хорватиялық «Футзал Динамоны» 5:1, «Олмиссумды» 1:0. словакиялық «Мимел Лученецті» 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ тағы бір жартылай финалда «Пальма» (Испания) мен «Спортинг» (Португалия) ойнайды.

Финал 4 мамыр күні өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар