Чемпиондар лигасы: Бүгін «Пари Сен-Жермен» мен «Арсенал» ойнайды

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалында екінші қарымта ойын өткізіледі.

Чемпиондар лигасы: Бүгін  «Пари Сен-Жермен» мен «Арсенал» ойнайды
Фото: championat

Бұл жолы «Пари Сен-Жермен» (Франция) мен «Арсенал» (Англия) шеберлік байқасады.
Ойын Қазақстан уақытымен 23:50–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның екеуінде англиялық клуб үш ұпай олжаласа, қалғанына тең нәтиже тіркеліп, біреуінде франциялық команда басымдық танытты. 

Алғашқы кездесуде франциялық клуб 1:0 есебімен жеңіске жетті.

2024 жылдың 1 қазанында Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің екінші турында «Арсенал» аталған қарсыласынан 2:0 есебімен басым түскен еді. 

Бүгінгі ойында англиялық клуб сапында төрт футболшы жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Олардың қатарында Габриэл Жезус, Тахэхиро Томиясу, Кай Хаверц, Габриэл Магаляйнс бар.

Ал «Пари Сен-Жермен» сапында қорғаушы Преснел Кимпембе осындай себеппен бүгінгі кездесуден тыс қалып отыр.

Айта кетсек, 6 мамырда Италияның «Интері» испаниялық «Барселонаны» (4:3, 3:3) қапы қалдырып, финалға жолдама алды. 

Соңғы жаңалықтар