Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Пальмадан» жеңіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM - Футзалдан Чемпиондар лигасы финалындағы қазақстандық «Қайрат» пен Испанияның «Пальма» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Пальмадан» жеңіліп жатыр
Фото: UEFA.com

Алғашқы минуттан қос команда бірден шабуылға көшті. Екеуінің де гол соғатын мүмкіндігі болды. Десе де оны өз пайдасына жарата алған жоқ.

Ойынның 6-минутында испаниялық клубтан Хесус Гордильо мергендік танытса, оған 8-минутта «Қайрат» сапынан Кайо Руис бір голмен жауап қайырды. Ал 18-минутта «Пальма» сапынан Лукас Машадо тағы бір гол соқса, 19-минутта Марио Равильос есепті үстемелей түсті.

Қазірге дейін қарсыластар екі мәрте кездесті. Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде 2022 жылы алғашқы ойында 2:2 есебімен тең түссе, 2023 жылы испаниялық команда 4:3 есебімен жеңіске жетті.

Алматылық команда бұған дейін бұл турнирде 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл жөнінен Еуропа құрлығындағы клубтар арасында абсолютті рекордты тіркеді. Олар 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген. Ал «Пальма» аталған турнирде 2022/23, 2023/24 жылдары жеңімпаз болды.

Айта кетсек, 3-орын үшін ойында Португалияның «Спортинг» клубын 3:2 есебімен жеңген Испанияның «Картахена» командасы қола медаль алды.

Соңғы жаңалықтар