Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Реал Мадридтен» жеңіліп жатыр

  АСТАНА. KAZINFORM — UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және Испанияның «Реал Мадрид» (Испания) кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Реал Мадридтен» жеңіліп жатыр
Фото: Видеодан алынған скрин

Алғашқы минутта алматылық клуб алға қарай ұмтылды. Осындай сәттің бірінде шабуылшы Дастан Сәтпаевтың баспен ұрған добы мадридтік клуб қақпашысы Тибо Куртуаның қолынан табылды. Алматылық клуб одан кейін де «Реал Мадрид» қақпасы маңынан жиі бой көрсетті. Дегенмен діттеген мақсатына жете алған жоқ.

Испаниялық клуб ойын барысында тізгінді қолға алуға тырысты. Осындай сәттердің бірінде «Қайрат» ойыншылары өз айып алаңында тәртіп бұзды. Ойынның 26-минутында Килиан Мбаппе алматылық клуб қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кеткен жоқ. 

Осылайша бірінші кезең 1:0 есебімен «Реал Мадридтің» басымдығымен аяқталды.
Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді. Енді олар беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.

Еліміздің атынан турнирде алматылық «Қайрат» сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар