Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін «Левскимен» қарымта ойын өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық «Қайрат» (Алматы) UEFA Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде «Левски» (София, Болгария) командасымен қарымта ойынын өткізеді. Кездесу бүгін Қазақстан уақытымен 20:00–де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бұл ойында Даниэл Зиберт бастаған германиялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Оған отандастары Ян Зайдель мен Рафаэль Фольтин көмектеседі. Төртінші төреші — Макс Бурда, бас төрешінің бейнеқатайлау көмекшісі Кристиан Дингерт болса, оған ассистент қызметін Йоханн Пфайфер атқарады.
Алғашқы кездесуде болгариялық команда 1:0 есебімен басым түсті.
Қазірге дейін алматылық команда алғашқы екі іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьеска» клубынан (2:1, 2:0), Черногорияның Кипрдің «Омония» (1:0, 0:1, пенальтиден 6:5) клубтарын қапы қалдырған еді.
Плей-офф кезеңіне шыққан жағдайда алматылық ұжым Грекияның АЕК клубымен кездесуі мүмкін. Бұл ойындар 18-19, 25-26 тамыз күндеріне белгіленген.
Алматылық ұжым Чемпиондар лигасында қарсыласынан жеңілген жағдайда Еуропа лигасы плей-офф кезеңінде сынға түсуге мүмкіндік алады. Онда олар ПАОК (Грекия) — «Андерлехт» (Бельгия) жұбының жеңімпазымен ойнайды.
Айта кетсек, алматылық клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде Португалияның «Спортинг» (1:4), Испанияның «Реал Мадрид» (0:5), Италияның «Интер» (1:2), Грекияның «Олимпиакос» (0:1), Данияның «Копенгаген»(2:3), Бельгияның «Брюгге» (1:4), Англияның «Арсенал» (2:3) клубытарына жол берсе, Кипрдің «Пафосымен» 0:0 есебімен тең түскен еді.