Чемпиондар лигасы: «Қайрат» бүгін негізгі кезеңдегі алғашқы ойынын өткізеді
АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі алғашқы ойынын «Спортинг» (Португалия) командасына қарсы өткізеді.

Кездесу 18 қыркүйектен 19-на қараған түні Қазақстан уақытымен сағат 00:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойын Португалия астанасы Лиссабон қаласындағы «Жозе Алваладе» стадионында болады.
Бас төреші міндеті польшалық Дамиан Сильвестжакқа жүктелген. Оған отандастары Павел Сокольницки мен Адам Карасевич көмекшілік жасайды. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Марцин Коханек.
https://kaz.inform.kz/news/chempiondar-ligasi-sporting-kayrat-kezdesunde-km-toreshlk-kizmet-atkaradi-311aa9/
Ойыншылар тізімі:
«Қайрат»
Қақпашылар: Александр Заруцкий, Темірлан Анарбеков, Шерхан Қалмырза;
Қорғаушылар: Луиш Мата (Португалия), Дамир Қасаболат, Лев Кургин, Александр Мартынович (Беларусь), Офри Арад (Израиль), Александр Мрынский, Александр Широбоков, Лука Гадрани (Грузия), Данияр Ташпулатов, Егор Сорокин (Ресей);
Жартылай қорғаушылар: Әділет Садыбеков, Гиорги Зариа (Грузия), Олжас Байбек, Дэн Глэйзер (Израиль), Еркін Тапалов, Юг Станоев (Сербия), Валерий Громыко (Беларусь);
Шабуылшылар: Жоржиньо (Португалия), Дастан Сәтпаев, Эдмилсон (Бразилия), Исмаил Бекболат, Рамазан Бағдат, Рикардиньо (Бразилия).
Қақпашылар: Руй Силва (Португалия), Жоау Виржиниа (Португалия);
«Спортинг»
Қорғаушылар: Зено Дебаст (Бельгия), Джордж Вагианнидис (Грекия), Иван Фреснеда (Испания), Гонсалу Инасиу (Португалия), Усман Диоманде (Кот-д'Ивуар), Хосе Силва (Португалия), Эдуарду Куарежма (Португалия), Рикарду Мангаш (Португалия);
Жартылай қорғаушылар: Коба Коиндреди (Франция), Сотирис Александропулос (Грекия), Матео Танлонго (Аргентина), Габриэль Тейшейра (Бразилия), Хидэмаса Морита (Жапония), Педро Гонсалвеш (Португалия), Георгий Кочорашвили (Грузия), Даниэль Браганка (Португалия), Мортен Юлманд (Дания), Жоао Симоес (Португалия), Лукас Райан (Бразилия), Эдуарду Фелисиссиму (Португалия);
Шабуылшылар: Гени Катамо (Мозамбик), Нуну Сантуш (Португалия), Франсишку Тринкан (Португалия), Максимилиано Араухо (Уругвай), Родригу Рибейру (Португалия), Фотис Иоаннидис (Грекия), Луис Суарес (Колумбия).
Португалиялық команда бұдан бұрын 2018 жылы қазақстандық «Астана» клубымен Еуропа лигасы 1/16 финалында жолықты. Алғашқы ойында олар 3:1 еесбімен жеңсе, қарымта кездесуде 3:3 есебі тіркелді.
Алматылық клуб беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.
Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.
Негізгі кезеңде барлығы 36 команда сынға түседі. Бірінші тур биыл 16 қыркүйекте басталса, сегізінші тур 2026 жылдың 28 қаңтарында болады. Ал плей-офф 16-18 ақпан, 1/8 финал 10-11 наурыз, ¼ финал 7-8 сәуір, ½ финал 28-29 сәуір, финал 30 мамырға белгіленген.
Осыған дейін футзалдан Қазақстан құрамасы Италиямен кездесетіні туралы хабарладық.