Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал командасы «Картахенамен» кездеседі

АСТАНА. KAZINFORM – Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасы төрттігі финалында бүгін Испанияның «Картахена» командасымен кездесу өткізеді. 

футзал
Фото: kazfootball.kz

Ойын Қазақстан уақытымен 20:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. 

Алматылық команда бұған дейін бұл турнирде 20 мәрте бақ сынап үлгерді. Бұл жөнінен Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.
Олар 2012/13, 2014/15 жылғы маусымда Чемпиондар лигасында жеңіс тұғырына көтерілген.

Еске салсақ, бұдан бұрын олар Хорватия астанасы Загреб қаласында Чемпиондар лигасының элиталық кезеңінде хорватиялық «Футзал Динамоны» 5:1, «Олмиссумды» 1:0. словакиялық «Мимел Лученецті» 4:2 есебімен тізе бүктірді.

Сондай-ақ бүгін тағы бір жартылай финалда «Пальма» (Испания) мен «Спортинг» (Португалия) ойнайды.

Бас бапкер Марлон Веласко төмендегі шәкірттеріне сенім артты. Қақпа Деннис пен Нарун Серіковке сеніп тапсырылды. Ал ойыншылар қатарында Арнольд Кнауб, Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Занотто, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Кайо Руиз, Отанья, Кевин Арриета, Геге, Вендел да Силва Мендес, Алиссон бар.

Бұған дейін футзалдан Чемпиондар лигасының төрттік финалындағы «Қайраттың» қарсыласы анықталғанын хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар