Чемпиондар лигасы: «Қайрат» футзал құрамасы финалда «Пальмамен» кездеседі
АСТАНА. KAZINFORM -Алматылық «Қайрат» футзалдан Чемпиондар Лигасының финалында испаниялық «Пальмамен» кездеседі.

Бұл ойын 4 мамырда Қазақстан уақыты бойынша сағат 23:00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алматылық бұдан бұрын «Қайрат» жартылай финалда тағы бір испаниялық «Картахена» клубынан 3:2 есебімен басым түсті.
Қазақстандық командадан Алиссон 16, 37-минутта екі гол соқса, Деннис 39-минутта қақпаны дәлл көздеді. Ал «Картахенада» Мигель Анхель Мельядо (20-минут) және Габриэль Мотта (40-минут, пенальтиден) гол соқты.
«Пальма» жартылай финалда португалдық «Спортингті» 3:0 есебімен жеңді. Испандықтар сапынан Иса Гордильо (28-минут), Марио Ривильос (39-минут) және Луан Мюллер (40-минут) мергендік танытты.
«Қайрат» 2012/13, 2014/15 жылдардағы маусымда Чемпиондар лигасында топ жарса, 2018/19 жылдарда финалға дейін жетті.
Сондай-ақ олар төрт мәрте қола жүлдегер болды.
Алматылық клубтың бас бапкері Марлон Веласко аталған турнирге төмендегі шәкірттерін алып барды. Қақпа Деннис пен Нарун Серіковке сеніп тапсырылды. Ал ойыншылар қатарында Арнольд Кнауб, Эдсон, Жахангир Рашит, Денер, Занотто, Дәурен Тұрсағұлов, Біржан Оразов, Кайо Руиз, Отанья, Кевин Арриета, Геге, Вендел да Силва Мендес, Алиссон бар.
Төрттіктің финалы Францияның Ле-Ман қаласында 2-4 мамыр аралығында өтіп жатыр.