Чемпиондар лигасы: «Қайрат» командасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы анықталды
АСТАНА. KAZINFORM - Алматылық «Қайрат» командасының футболдан UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болды.

Оған дейін қазақстандық команда үшінші іріктеу кезеңінде Чехияның «Слован» (Братислава) клубымен шеберлік байқасады. Аталған ұжымды жеңген жағдайда плей-офф кезеңінде қазақстандық клуб шотландиялық «Селтик» командасымен кім мықтыны анықтайды.
Айта кетсек, алматылық футболшылар бірінші және екінші іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0) қапы қалдырды.
«Қайрат» командасы еурокубок ойындарына тұрақты түрде қатысып келеді. Дегенмен кейінгі екі жылда бақ сынаған жоқ. 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасының екінші іріктеу кезеңінде Мажарстанның «Кишварда» (0:1, 0:1) командасынан екі ойында да жеңіліп қалды.
Сондай-ақ енді қазақстандық «Астананың» Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі қарсыласы белгілі болады.
Бұған дейін алматылық «Қайрат» командасының UEFA Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі ықтимал қарсыластары анықталғанын жазған едік.