Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Селтик» негізгі құрамын жариялады

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін футболдан UEFA Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңіндегі алматылық «Қайрат» пен шотландиялық «Селтик» кездесуінде негізгі құрамда жасыл алаңға шығатын футболшылар белгілі болды.

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» пен «Селтик» негізгі құрамын жариялады
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бұл ойын 26 тамызда қазақстандық уақытпен 21:45–те басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Қайрат»: Темірлан Анарбеков (Қ) – Луиш Мата, ​Александр Мартынович (К), Егор Сорокин, Александр Мрынский – Еркин Тапалов​, Офри Арад, Дан Глейзер, Валерий Громыко – Жоржиньо, Рикардиньо;

Қосалқы құрам: Диас Реимов (Қ), Шерхан Калмурза​ (Қ) – Александр Широбоков, Лев Кургин, Лука Гадрани – Олжас Байбек, Әділет Садыбеков, Дамир Қасаболат, Юг Станоев, Азамат Тұяқбаев – Рамазан Бағдат, Исмаил Бекболат;

Бас бапкер: Рафаэль Уразбахтин.

«Селтик»: Каспер Шмейхель (Қ) – Киран Тирни, Лиам Скейлс, Кэмерон Картер-Викерс, Энтони Ролстон – Рэо Хататэ, Каллум Макгрегор (К), Ян Хен Чжун, Беньямин Нюгрен – Дайдзэн Маэда, Джеймс Форрест;

Қосалқы құрам: Вильями Синисало (Қ), Росс Дуган (Қ) – Колби Донован, Дейн Маррей, Джамай Симпсон-Пьюзи – Паулу Бернарду, Арне Энгелс, Люк Маккоуэн – Син Ямада, Джонни Кенни, Каллум Османд, Адам Айда;

Бас бапкер: Брендан Роджерс.

Аталған ойында италиялық Маурицио Мариани бастаған төрешілер бригадасы қызмет атқарады. Оған отандастары Даниеле Биндони мен Альберто Тегони көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Маттео Маркетти.

Алғашқы кездесуде командалар 0:0 есебіне қанағат білдірген еді.

Алматылық футболшылар аталған турнирдің алғашқы үш іріктеу кезеңінде Словенияның «Олимпия» (1:1, 2:0), Финляндияның КуПС клубтарын (0:2, 3:0), Словакияның «Слован» (1:0, 0:1, пенальтиден 4:3) командасын қапы қалдырып кетті.

«Селтик» еурододадағы алғашқы ойынын плей-офф кезеңінен бастады.

Қазірге дейін «Селтик» командасының еурокубок ойындарында қазақстандық клубтармен үш мәрте жолы түйісті. Дегенмен бірде-бірінде отандық командалар аталған қарсыласынан өте алған жоқ.

Алдымен 2013 жылы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінде қарағандылық «Шахтерді» (0:2, 3:0) орта жолда қалдырып, топтық кезеңге жолдама алды.

Ал елордалық «Астананы»2016 жылы Чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде (1:1, 2:1), 2017 жылы плей-офф кезеңінде (5:0, 3:4) есебімен қапы қалдырды.

Соңғы жаңалықтар