Чемпиондар лигасы: «Қайрат» — «Реал Мадрид» кездесуі басталды

АСТАНА. KAZINFORM — UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы қазақстандық «Қайрат» (Алматы) және Испанияның «Реал Мадрид» (Испания) кездесуі басталды.

«Қайрат» ФК
Фото: «Қайрат» футбол клубы

Бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктелген. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца.
Алғашқы минуттан төмендегі футболшылар алаңға шықты.

«Қайрат»: Шерхан Қалмырза​ (Қ) — Луиш Мата, ​Александр Мартынович (К), Егор Сорокин, Еркін Тапалов — Офри Арад, Дамир Қасаболат, Александр Мрынский, Валерий Громыко — Жоржиньо, Дастан Сәтпаев;

«Реал Мадрид»: Тибо Куртуа (Қ) — Фран Гарсия, Дэвид Алаба, Дин Хейсен​, Рауль Асенсио — Орельен Чуамени, Дани Себальос, Арда Гюлер — Винисиус Жуниор, Франко Мастантуоно, Килиан Мбаппе;

Қазірге дейін алматылық клуб бірінші турда Португалияның «Спортинг» (Лиссабон) командасына 1:4 есебімен есе жіберді.

Енді олар беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.

Еліміздің атынан турнирде алматылық «Қайрат» сынға түсіп жатыр. Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар