Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» мен «Барселона» ширек финалға шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы жартылай финалына шыққан алғашқы екі команда анықталды.

Чемпиондар лигасы: «Пари Сен-Жермен» мен «Барселона» ширек финалға шықты
Фото: Pixabay.com

Ширек финалдағы кездесудің бірі «Астон Вилла» (Англия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) арасында өтті. Бірінші ойында франциялық клуб қарсыласынан 3:1 есебімен басым түскен еді. 

Англиялық клуб қос ойынның нәтижесімен таразы басын теңестіруге жақын болды. Десе де қарымта ойында франциялық клуб сапынан Ашраф Хакими 11, Нуну Мендеш 27-минутта қос гол соғып кетті.

Жолдаманың қолдан сусып бара жатқанын түсінген англиялық команда футболшылары одан кейін қатарынан үш мәрте мергендігімен көзге түсті. Олардың қатарынан Юри Тилеманс 34, Джон Макгинн 55, Эзри Конса 57- минутта мергендік танытты.

Осылайша «Астон Вилла» қарсыласын 3:2 есебімен басым түсті. Алайда қос ойынның нәтижесімен «Пари Сен-Жермен» жартылай финалға жолдама алды.

Тағы бір жұпта «Боруссия Дортмунд» (Германия) пен «Барселона» (Испания) жасыл алаңға шықты. Алғашқы кездесуде испаниялық клуб аталған қарсыласын 4:0 есебімен тас-талқан етіп жеңген еді. 

Қарымта кездесуде германиялық команда бірінші ойындағы кеткен есені қайтаруға тырысты. Олардың сапынан Серу Гирасси 11- минутта пенальтиді мүлт жібермей, одан кейін 49, 76-минутта мергендік танытты. Ал 54-минутта оның әріптесі Рами Бенсебаини өз қақпасына гол соғып алды.

Бүгін, 16 сәуірде «Реал Мадрид» (Испания) пен «Арсенал» (Англия), «Интер» (Италия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция) жасыл алаңға шығады.

Финал 31 мамырда Германияның Мюнхен қаласындағы «Альянц арена» стадионында өткізіледі.

Соңғы жаңалықтар