Чемпиондар лигасы: Ширек финалға қай командалар шықты

АСТАНА. KAZINFORM - УЕФА Чемпиондар лигасы ширек финалына шыққан алғашқы командалар белгілі болды.

футбол
Фото: Мақсат Шағырбаев/ Kazinform

Испанияның «Реал Мадрид» командасы жарысты ерте аяқтай жазды. Сырт алаңда Испанияның «Атлетико Мадрид» клубымен кездескен клуб қарымта ойынның негізгі кезеңінде қарсыласына 0:1 есебімен жеңілді. Екі кездесудің нәтижесі тіркелді. Овертаймда жеңімпаз анықталған жоқ. Пенальти тебуде «Реал Мадрид» клубының жолы болып, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Сондай-ақ англиялық «Астон Вилла» Бельгияның «Брюггесін» (3:0, 3:1), англиялық «Арсенал» Нидерландтың ПСВ клубын (2:2, 7:1), Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы франциялық «Лилль» клубын (2:1, 1:1) қапы қалдырып кетті.

Енді ширек финалда «Астон Вилла» (Англия) мен «Пари Сен-Жермен» (Франция), «Реал Мадрид» (Испания) пен «Арсенал» (Англия), «Интер» (Италия) мен «Бавария» (Германия), «Боруссия Дортмунд» (Германия) мен «Барселона» (Испания) шеберлік байқасады.

Ширек финал ойындары 8 және 15 сәуір күндеріне белгіленген.

Еске салсақ, бұдан бұрын Ширек финалға шыққан төрт команда анықталғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар