Чемпиондар лигасы:«Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Спортингтен» жеңіліп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі «Спортинг» (Португалия) пен «Қайрат» кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды.

Чемпиондар лигасы:«Қайрат» бірінші кезеңнен кейін «Спортингтен» жеңіліп жатыр
Фото: UEFA.com

Кездесу барысында «Қайрат» сапында алғашқы минуттан Қалмырза, Мата, Касаболат, Жоржиньо, Сәтпаев, Мартынович, Арад, Тапалов, Мрынский, Громыко, Сорокин қосылды.
Онда қазақстандық қақпашы Шерхан Қалмұрза ресми түрде UEFA Чемпиондар лигасы тарихындағы ең жас қақпашылар үздігіне енді. Ол дүниеге келгеніне 18 жас, 3 ай, 3 күн өткенде жасыл алаңға шығып отыр.

Бірінші кезеңде Шерхан өзіне сенімді ойын көрсетті. Ойынның 21-минутында портгулаиялық клубтан Мортен Юльман тепкен допты кейін қайтарса, одан кейін де бірнеше соққыға тосқауыл қойды.

Соған қарамастан «Спортинг» сапынан Франсиску Тринкан 44-минутта есеп ашып кетті.

Бірінші кезеңнен кейін алматылық клуб қарсыласына 0:1 есебімен есе жіберді.

Алматылық клуб беделді турнирде «Реал Мадрид» (Испания), «Интер» (Италия), «Арсенал» (Англия), «Брюгге» (Бельгия), «Спортинг» (Португалия), «Олимпиакос» (Грекия), «Пафос» (Кипр), «Копенгаген» (Дания) клубтарымен ойнайды.

Қазақстандық команда доп додасында барлығы 8 ойын өткізеді. Оның 4-еуі өз алаңында болса, 4-еуі сырт алаңға жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар