01:07, 17 Тамыз 2020 | GMT +5
Чемпиондар лигасы: «Астана» Беларусьтің «Динамо» командасымен кездеседі
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Астана» командасының UEFA Чемпиондар лигасындағы алғашқы кездесуін қай телеканалдан көрсетілітіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Айта кетсек, «Астана» жарысты аталған турнирдің бірінші іріктеу кезеңінен бастайды. Қарсыласы - Беларусьтің «Динамо» (Брест) командасы. Ойын 18 тамыздан 19 тамызға қараған түні елорда уақытымен 00.00-де басталады.
«Динамо» (Брест) 1960 жылы құрылған. Өткен жылы өз тарихында тұңғыш рет Беларусь чемпионы атанды. Сондай-ақ, 1992 жылы өз елінде қола жүлдегер болды.
Естеріңізге сала кетелік, жарыстың аталған сатысындағы жеңімпаз бір ғана ойын арқылы анықталады. Жеңімпаз Чемпиондар лигасының екінші сатысына жолдама алады. Жеңілгені Еуропа лигасының екіншісі сатысында бақ сынайды.