Чемпиондар лигасы: «Манчестер Сити» «Реал Мадридтен» есе қайтара ала ма

Бұл күні «Реал Мадрид» (Испания) мен «Манчестер Сити» (Англия) кездеседі.
Кездесу елорда уақытымен 0.50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ойынңа португалиялық Артур Суареш Диаш төрешілік жасайды. Оған отандастары Паулу Суареш пен Педру Рибейру көмекшілік етеді. Қосалқы төреші - италиялық Даниэле Орсато.
Екі команда бұған дейін он мәрте кездесті. Командалар төрт-төрттен жеңіске жетсе, екі кездесу тең аяқталды.
Қарсыластар былтыр Чемпиондар лигасы жартылай финалында кездесті. Екі ойынның нәтижесімен «Реал Мадрид» (3:1, 3:4) финалға жолдама алған еді.
Қазірге дейін «Реал Мадрид» аталған турнирде 14 мәрте жеңімпаз атанды.
Ал «Манчестер Сити» 2021 жылы тұңғыш мәрте финалға шыққанымен, қарсыласына есе жіберіп қойды.
Сондай-ақ, мамырдың 10-нан 11-не қараған түні тағы бір жартылай финалда «Интер» (Италия) мен «Милан» (Италия) кездеседі.
Еске салсақ, Лучано Спалетти Италия чемпионатын ұтқан ең жасы үлкен бапкер атанды.