Черчесов Аустрия және Словенияға қарсы ойынға қатысатын құрамды жариялады
АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстан ұлттық құрамасының қазан айында өтетін Аустрия және Словенияға қарсы ойындарға шақырылған футболшылардың нақты тізімін жариялады.

Бас бапкер Станислав Черчесовтің шешімімен нақты тізімге 28 футболшы енгізілді. Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-ына дейін жалғасады.
Ойыншылардың толық тізімі төмендегідей:
Қақпашылар: Игорь Шацкий («Ақтөбе»), Александр Заруцкий («Астана»), Стас Покатилов («Тобыл»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»);
Қорғаушылар: Әлібек Қасым («Ақтөбе»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров (барлығы – «Астана»), Сұлтанбек Астанов («Ордабасы»), Роман Асранкулов («Тобыл»), Лев Скворцов («Шинник», Ресей), Асхат Балтабеков («Жетісу»), Ұлар Жақсыбаев («Қызылжар»), Әділбек Жұмаханов («Атырау»);
Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Айбол Әбікен (барлығы – «Ордабасы»), Рамазан Оразов («Силькеборг», Дания), Максим Самородов («Ахмат», Ресей), Аслан Дарабаев («Елімай»), Бақтиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Ислам Чесноков («Тобыл»), Андрей Ульшин («Қайрат»);
Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Адана Демирспор», Түркия), Айбар Жақсылықов («Қайсар»), Жан-Әли Пайруз («Елімай»), Артур Шушеначев («Сочи», Ресей).
Оқу-жаттығу жиыны 5 қазан күні Аустрияның Кремс қаласында басталып, 9-на дейін жалғасады.
Айта кетсек, Қазақстан құрамасы қазан айында UEFA Ұлттар лигасы аясында 10 қазанда сырт алаңда Аустриямен кездеседі. Матч Линц қаласының «Райффайзен Арена» стадионында өтеді. Ойын Астана уақытымен сағат 23:45-те басталады.
Одан кейін 13 қазанда біздің құрама Словенияны қабылдайды. Кездесу Алматының Орталық стадионында сағат 18:00-ге жоспарланған.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Ақтөбе» 16 жылдан кейін Қазақстан кубогының иегері атанды.