05:00, 19 Қараша 2025 | GMT +5
Чилиде ауа райының қолайсыздығынан бес турист қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Чилидегі әйгілі Торрес-дель-Пайне ұлттық саябағында ауа райының күрт нашарлауынан 5 турист қаза тапты, деп хабарлайды Report.
— Із-түзсіз жоғалғандар тізімінде тұрған 7 адамның 4-уі тірі екені расталды. Ал үшеуі мерт болды. Олар Ұлыбританияның және Германияның екі азаматы, — делінген хабарламада.
Табиғи апаттан қаза тапқан қалған екі адам Мексикадан келген туристер.
Қайғылы оқиға ұлттық парктің айналмалы бағытында орын алды. Алдыңғы күні бұл аймаққа қар жауып, желдің екпіні күшейген. Жаяу жүргіншілер дауылға тап болған. Іздестіру жұмыстарына қалың қар мен қатты жел кедергі келтірді.
Қауіпсіздік мақсатында саябақтың бір бөлігі уақытша жабылды.
Айта кетейік, Ыстанбұлда туристердің қазасынан кейін қонақ үй жабылған болатын.