CNN: Иранға қарсы санкцияларды кезең-кезеңімен күшейту нәтиже бермеуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ әкімшілігінің Иранды экономикалық оқшаулауға бағытталған санкциялық саясаты Тегеран экономикасына айтарлықтай әсер ете алмауы мүмкін. Бұл туралы сарапшылардың пікіріне сілтеме жасап, IRNA агенттігі хабарлады.

CNN: Иранға қарсы санкцияларды кезең-кезеңімен күшейту нәтиже бермеуі мүмкін
Фото: IRNA

CNN телеарнасының мәліметінше, санкцияларды біртіндеп әрі сақтықпен күшейту Иранның қаржы және өндіріс жүйесіне шешуші соққы бере алмайды. Себебі ел экономикасы соңғы елу жыл ішінде халықаралық шектеулердің түрлі формаларына бейімделіп үлгерген.

Сарапшылардың пікірінше, Иран ұзақ уақыт бойы санкциялық қысым жағдайында жұмыс істеудің тетіктерін қалыптастырған. Сондықтан жаңа шектеулер енгізілгенімен, олардың әсері бұрынғыдай бірден әрі ауқымды болмауы ықтимал.

Бұл ретте АҚШ-тың Иранға қатысты экономикалық қысымды күшейту әрекеті екі ел арасындағы саяси текетірестің маңызды тетіктерінің бірі болып қала береді. Ал Тегеран өз экономикасын сыртқы қысымға барынша төзімді ету саясатын жалғастырып келеді.

Ал Нетаньяху Иран билігін құлатуды Израильдің басты міндеті деп атаған болатын.