COVID-19 және тұмау: Жамбылда қашықтан оқыту әлі жалғасып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Облыстағы эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келеді. Оқушылар дәстүрлі форматқа оралып жатыр.

коронавирус
Фото: pexels.com

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, Жамбыл облысында тұмау жұқтырғандар саны — 132. Тексерілген пациенттердің арасында екі адамнан COVID-19 анықталды. Сондай-ақ тағы 12 адам басқа вирустық инфекциямен ауырған. 

Департамент басшысының орынбасары Нейли Мүлікова қазіргі уақытта мамандар келесі ауруларды тіркеп жатқанын айтты.

  • риновирустар — 4
  • парагрипп — 2
  • аденовирустар — 4
  • бокавирустар — 2.

Қазір аймақтағы Гродеково ауылында бір ғана мектептің оқушылары қашықтан білім алып жатыр. Инкубациялық кезең аяқталғаннан кейін аймақта 136 мектеп дәстүрлі форматта оқуын қайта бастады. Мамандар аурудың маусымдық өсу кезеңінде сақтық шараларын сақтау маңызды екенін еске салады. 

Олардың айтуынша, адам көп жиналатын жерлерден аулақ болып, қолды жиі жуып, үйді желдету және қажет болған жағдайда дәрігермен кеңесу қажет.

Осыған дейін Астанадағы мектептерде тұмауға байланысты таңғы фильтр енгізілгені туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар