Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Cпортқа әуес ауыл тұрғындары жаттықтырушы мамандығын тегін меңгере алады

ПАВЛОДАР. KAZINFORM - Өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, ауылдық жерлерде білікті жаттықтырушылар жетіспейді. Мәселені шешу үшін облыста пилоттық жоба қолға алынды.

 спортивные секции, секция, спорт
Фото: Астана қаласы әкімдігі

Павлодарда спортқа әуес ауыл тұрғындарына жаттықтырушы-оқытушы мамандығын тегін меңгеруге мүмкіндік беріліп отыр. Бұл тұрғыда аймақта пилоттық жоба қолға алынды.

- Облыстың ауылдық жерлерінде білікті жаттықтырушылар жетіспейді. Соған орай оларды тегін түрде даярлауды қолға алып жатырмыз. Оқыту негізгі жұмыстан қол үзбей жүргізіледі және дуальды форматта жүзеге асырылады. Биыл жобамен 62 адам қамтылды. Бұл болашақ мамандар оқуды аяқтағаннан кейін өз ауылдарына оралып, спорт секцияларын басқарады және ауыл спортына жаңа леп әкеледі деп жоспарланып отыр, – деп хабарлады облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасынан.

Мамандар бұл бастама тек кадр даярлау ғана емес, ауылдағы бұқаралық спортты қайта жаңғырту, жастар үшін ортаны жақсарту және ұлт саулығын нығайту екенін атап өтті. Өңірде мамандарды тегін даярлау бағытында бірнеше жоғары және орта оқу орнымен ынтымақтастық туралы меморандум жасалған.

Еске сала кетейік, Қазақстанда халықтың 44,5%-ы спортпен тұрақты айналысады.