Cыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған лауазымды тұлғалардың әрекетін дәрежелеу мәселесі талқыланды - БҚО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облыстық сотында «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған лауазымды тұлғалардың әрекеттерін дәрежелеудің мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметінен.
None
None

Шараға облыстық, қалалық, аудандық және оларға теңестірілген соттардың төрағалары, сонымен қатар қалалық прокуратураның, ішкі істер, қаржы полициясы департаментерінің өкілдері қатысты.

«Дөңгелек үстелді» ашқан облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс соттарында аталған санаттағы 27 іс болғандығын атап көрсетті. Үстіміздегі жылдың 6 айында 40 адамға қатысты 24 қылмыстық іс үкім шығарыла отырып қаралған. Олардың ішінде 39 - ы сотталып, бір кісі ақталған. М.Нағашыбаев өз сөзінде сотталғандарға қолданылған жазаларға да тоқталып өтті. Қолдағы мәліметке қарағанда 15 адам бас бостағдығынан айырылып, 3 кісіге айып салынған. Бір айыпкер белгілі бір лауазымды атқару құқығынан айырылған. 7 адамның бас бостандығы шектеліп, 12 адам шартты түрде сотталған. Бір адам жазадан босатылып, бір кісі ақталған. 2014 жылы бірінші жартыжылдықта сотталғандардың сегізі полиция қызметкерлері болса, 26-сы мемлекеттік қызметшілер, бесеуі кәсіпкер. Жиында сөз алған облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының судьясы Н.Ділдәбеков 2014 жылғы бірінші жартыжылдықта облыс соттарында қаралған сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық істердің сот тәжірибесіне тоқталды. «Қаралған қылмыстық істердің сот тәжірибесін зерттеу көрсетіп отырғанындай алдын ала тергеу органдары лауазымды тұлғалар жасаған мұндай қылмыстарды дұрыс дәрежелей бермейді» - деп атап көрсетті ол. Осы мәселе бойынша прокуратураның, қаржы полициясының, ішкі істер департаментінің өкілдері сөз алып, баяндамалар жасады. «Дөңгелек үстелге» қатысушылар сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған кезде лауазымды тұлғалардың әрекеттерін дәрежелеуге қатысты заң нормаларын қолданудан туындайтын келелі мәселелерді жан-жақты талқыға салды.

Соңғы жаңалықтар