Д.Ахметов Литва Елшісіне ШҚО-ның экономикалық мүмкіндіктері туралы айтып берді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жақында Өскеменге жұмыс сапарымен келген Литва Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Витаутас Наудужаспен кездесу өткізді.
None
None

Аймақ басшысы Витаутас Наудужасқа Шығыс Қазақстан облысының экономикалық мүмкіндіктері туралы айтып берді. Тараптар түрлі салалардағы ынтымақтастық, соның ішінде көліктік логистика және студенттермен алмасу саласындағы мәселелерді талқылап, тығыз байланыста жұмыс істейтіндеріне сенімдерін білдірді.

2014 жылы Шығыс Қазақстан облысының Литвамен сауда айналымы 6,8 млн. АҚШ долларын құрады, 2013 жылға қарай өсім 6,1 пайызды құраған.

Өткен жылы екі ел арасындағы тауар айналымы шамамен 1,1 млрд. АҚШ долларын құрады.

Соңғы жаңалықтар