Д.Медведев РФ мен Қазақстан арасында шекаралық байланыстар жөніндегі келісім туралы заңға қол қойды

АСТАНА. 6 қараша. ҚазАқпарат - РФ Президенті Дмитрий Медведев «Ресей Федерациясының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасында ресейлік-қазақстандық мемлекеттік шекарада бірлесе бақылауды жүзеге асыру бағытындағы ынтымақтастық туралы Келісімді ратификациялау туралы» федералды заңына қол қойды.

Д.Медведев РФ мен Қазақстан арасында шекаралық байланыстар жөніндегі келісім туралы заңға қол қойды

Бұл жайлы Ресей мемлекеті басшысының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды РБК.

Құжат РФ Мемлекеттік Думасы тарапынан 2010 жылдың 22 қазанында ратификацияланып, 2010 жылдың 27 қазанында Федерация Кеңесімен мақұлданды.