Дағдарыс жағдайында Азия елдері әлемдік экономиканы қалпына келтіретін аймаққа айналуы керек - халықаралық конференция

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Дағдарыс жағдайында Азия елдері тек өз мемлекеттеріне қатысты мәселелермен ғана айналысып қоймай, бірі-біріне қолдау көрсете отырып, әлемдік экономиканы қалпына келтіретін аймаққа айналулары  керек. Бұл туралы бүгін Азиялық саяси партиялардың халықаралық конференциясының 5-ші Бас Ассамблеясында Қытай коммунистік партиясы Орталық комитетінің саяси бюро мүшесі Юй Чженшен мәлім етті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның пікірінше, экономиканың жаһандасуы жағдайында бір-бірімен тығыз байланысты өмір сүріп жатқан бірде бір мемлекет қаржы дағдарысын жалғыздан жалғыз еңсере алмайды. Осыған орай Қытай Үкіметі макроэкономикалық саясатты дер кезінде әрі сенімді түрде реттей алды. «Біз тиімді қаржы саясатын іске асырып, экономиканы жедел әрі тұрақты дамытатын тетіктерді қалыптастыра білдік. Өз кезегінде бұл шаралар Қытай экономикасының жылдам қалпына келуіне ықпал етіп, аймақтағы жағдайға оң әсер етті» деді қытайлық өкіл.

Сонымен қатар ол Қытай елінің әлемдік қоғамдастықпен макроэкономикалық саясатта ықпалдасуға ниетті екендігін білдірді. Сондай-ақ аспан асты елі қаржы дағдарысын еңсеру мен жан-жақты сауда жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде де өзге елдермен бірлесіп қимылдауға құлықты.

Соңғы жаңалықтар
Референдум